Уәлиханов ауданында 2025 жылдың нәтижелері бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетіп отыр. Аудан әкімінің қатысуымен өткен брифинг барысында өңірдің даму басымдықтары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды. Сондай-ақ, инвестиция тарту деңгейінің жоғарылағаны және негізгі капиталға бағытталған қаржы көлемінің артқаны атап өтілді.

Аудан көлеміндегі басым бағыттардың бірі – мал және ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл салада жүйелі әрі жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Биыл ірі қара мал өсіруге арналған үш бірдей шаруашылық базасы пайдалануға беріліп, шаруа қожалықтары мен ауыл кооперативтері 376 бас асыл тұқымды мал сатылып алынған. Аталған нысандар мал өнімдерін өндіру көлемін арттырып қана қоймай, мал ұстау жағдайларын, ауыл шаруашылығын дамытуды едәуір жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

СНХР: МҰРАТ АБДУЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Әлеуметтік қорғау жүйесінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар жалғасып келеді. Жыл басынан 1216 жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілген. Нәтижесінде, 975 адам тұрақты жұмыс орындарына, 241 адам уақытша жұмыс орындарына, 148 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

СНХР: МҰРАТ АБДУЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар, аудан аумағында тұрғын үй құрылысы жүйелі түрде дамып келеді. Құрылыс саласында атқарылған жұмыстардың жалпы құны 5,3 млрд теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,9 пайызға жоғары. Мұндай өсім өңірде тұрғын үймен қамту деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді.

СНХР: МҰРАТ АБДУЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар, әлеуметтік жобаларды одан әрі дамыту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аудандық кітапхана ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл нысан базасында IT орталығын ашу көзделіп отыр.