Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманжол Зағыпаровтың 40 жасқа толуына орай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында “Жыр қанаты” атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, сондай-ақ колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Поэзия кеші барысында арнайы шақырылған қонақтар ақынға жүрекжарды құттықтауларын айтып, шығармашылығына жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, іс-шара аясында «Жыр қанатында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның жарық көрген еңбектері оқырман назарына ұсынылды.

СНХ: АМАНЖОЛ ЗАҒЫПАРОВ, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Оқырмандармен жүздесу ретінде ұйымдастырылған жиында студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, айтыскерлер мен ақындар домбырамен халық әндерін орындап, айтыс үлгісін көрсетті. Аманжол Зағыпаров көпшілікке айтыскер ақын ретінде де жақсы таныс.

СНХ: ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АҚЫН, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Айта кетейік, 2026 жылы ақынның шығармашылығына арналған арнайы шығармашылық кеш өткізу жоспарланып отыр.