Бірпалаталы парламент унитарлы мемлекетке сай келетін басқару формасы. Конституцияның жаңа жобасында ұсынылған бұл өзгеріс заңдардың сапалы әрі жан-жақты зерделеніп қабылдануына мүмкіндік береді. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жанындағы диалог алаңында осындай пікір айтылды. Конституциялық кеңес мүшелері мен жас сарапшылар Ата заңның жаңа жобасындағы негізгі ережелерді талқылап, пікір алмасты. Спикерлер жобадағы негізгі бағыттарды түсіндірді. Жастардың сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, қатысушылар бірпалаталы парламент пен Қазақстанның Халық кеңесінің рөлін, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне ықпалы туралы ой бөлісті. Бұдан бөлек, цифрлық құқықтар мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты нормалар да кеңінен талқыланды.

ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ – САЯСАТТАНУШЫ