Петропавл қаласының криминалдық полиция қызметкерлері қос қылмысты ашты. Жедел уәкілдер 4 желтоқсан күні таңғы сағат 05:00 шамасында «Галактика» сауда үйінде болған өрт оқиғасының мән-жайын тексерді. Алғашында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нұсқасы қарастырылған, алайда полицейлер өрттен ең қатты зақымданған орын дәл зергерлік шеберхана екенін анықтады.
Тәртіп сақшылары сауда үйінің маңындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, күдік тудырған адамды анықтады — ол өрт басталғанға дейін сол жерде болып, «Галактика» сауда үйіне қарама-қарсы тұрған бос сауда орнына бір нәрсе жасырып кеткен. Полицейлер ол жерді тексеру барысында құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдар салынған түйіншекті тапты. Осылайша қылмыс фактісі анықталды. Жан-жақты тексеру сауда үйінің ішінде қасақана өрт қойылғанын көрсетті. Бейнежазбалар сондай-ақ таңғы ерте уақытқа қарамастан, маңайда болған куәгерлерді де анықтауға көмектесті. Жедел қызметкерлердің нұсқасы бойынша, дәл осы адамдардың болуы себепті қаскүнем өрт қойғаннан кейін ұрланған құнды заттарды бірден алып кетуге тәуекел етпеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бөтен мүлікті ұрлау және қасақана жою дерегі бойынша бұрын сотталған 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полицейлер Заң мен тәртіпті нығайту мақсатында бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып келеді және кәсіпкерлерге өз нысандарына бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынады. Жыл басынан бері облыста бейнекамералардың көмегімен шамамен 800 қылмыс ашылған, оның 208-і — ұрлық.
СНХР: Марат Жұмалиев – Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы