С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Заң және Тәртіп» бағдарламасы аясында ресми оқыту семинары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – заң факультетінің студенттерін жастармен жұмыс істей алатын білікті тәлімгер ретінде дайындау. Семинарға Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығы, Құрылыс-экономика жоғары колледжінің заң факультетінің түлектері, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы басқарма өкілі, Психологиялық қолдау орталығының мамандары және нарколог-психотерапевт дәрігер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – болашақ заңгерлердің есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы кәсіби дайындығын арттыру және жастар арасында құқықтық сауаттылықты, заңдылықты және саламатты өмір салтын насихаттай алатын қажетті құзыреттерді қалыптастыру.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Деректерге сүйенсек жыл басынан бері есірткіге қатысты шамамен 260 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 115-і – есірткі сату. Сонымен қатар, әртүрлі есірткі заттарының шамамен 780 килограмы, оның ішінде 6 килограмға жуық синтетикалық есірткі тәркіленген болатын.
СНХ: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі