Солтүстік Қазақстан облысында алдағы бес жылға арналған цифрлық стратегия әзірленді. Ол цифрлық инфрақұрылымды дамыту, экономиканың негізгі салаларын трансформациялау, сондай-ақ өңір тұрғындарының жаңа цифрлық құзыреттерін қалыптастыруды қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.
Шал ақын ауданында Қазақстандағы алғашқы креативті IT-орталық жұмысын бастады. Жыл соңына дейін осындай алаңдар облыстың барлық аудандарында ашылады, цифрлық амбассадорлар анықталады.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Брифингте облыс әкімі су тасқынын болдырмау үшін алты бөгетті қайта жаңғырту туралы да айтты. 2024–2025 жылдары Петропавл қаласы мен оған жақын елді мекендерді Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Заречный кенті су басу қаупі ең жоғары аймаққа кіретіндіктен, тұрғындарды қаланың қауіпсіз бөлігіне толық көшіру туралы шешім қабылданды. 90 пәтерлі алғашқы бес қабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін алғашқы қоныстанушыларды орналастыру жоспарланған. Бұл шара қауіп-қатерді азайтуға және халықты қауіпсіз әрі жайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.