Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавлда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз!» атты шеберлік сағаты өтті. Іс-шара Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Игі бастаманың басты мақсаты – ерекше балаларға шығармашылық орта қалыптастыру, олардың бойындағы қабілеттерін ашу және елге деген сүйіспеншілік пен достықты қалыптастыру.
СНХР: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Іс-шара барысында балалар өз қолдарымен шағын қолөнер бұйымдарын жасап, достық пен бірлікті бейнелейтін ерекше композицияны, алақандар ізімен сурет салды.
СНХР: АҚЖАН НАКЕНОВ, «ЖАС ЖАУЫНГЕР» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 600-ге жуық іс-шара өткізген. «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз!» атты бүгінгі кездесу де — солардың бір парасы ғана. Мұндай бастамалар ел ертеңі үшін маңызды құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруге сеп болары анық.