Биылғы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мәслихат депутаттары алдында сөз сөйлеп, іске асырылған жобалар мен жоспарлар туралы айтып, халық қалаулыларының сұрақтарына жауап берді.
Мәслихаттың кезекті 31-ші сессиясы облыстық әкімдік қабырғасында өтті. Депутаттар алдында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов есеп берді. Күн тәртібінде - 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, аяқталған жобалар және одан әрі даму басымдықтары.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СҚО ӘКІМІ
Жыл басында ел президенті экономиканы кем дегенде 6,5% өсіруді міндеттеген болатын. 10 айдың қорытындысы бойынша өңірдің қысқа мерзімді экономикалық көрсеткішінің өсуі 13% құрап, еліміз бойынша 5-ші орында тұр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов түрлі салаларда жүзеге асырылып жатқан жобаларды өз баяндамасында атап көрсетті. Солардың бірі «Маслодел» экстаркциялық май зауыты. Кәсіпорын қуаттылығы 370 мың тонна майлы дақылдар өңдеп одан 120 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Оның дені экспортқа бағытталған. «Евразиан Милк» серіктестігі болса қазіргі таңда қоюландырылған сүт өндіру цехының құрылысы аяқтады. Ендігі жерде зауыттың қуаттылығы жылына 12 мың тонна өнім өндіруге жол ашып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек. Агроөнеркәсіпк кешеннің инновациялық бағыты да дамып келеді.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СҚО ӘКІМІ
Өңірімізде бүгінде тек ауыл шаруашылығы ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. Екі жыл ішінде бұл саладағы өндіріс көлемі 1,5 есе артқан. Мысалы, "ЗИКСТО" серіктестігінің іске қосқан жолаушылар вагондары мен вагон-платформалар шығаратын жаңа зауыттының өнімдері бүгінде еліміздің теміржол саласында толығымен қолданыста жүр. Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тартылған инвестициялар көлемі жылдық жоспардан 2 есе артық. Соңғы екі жыл ішінде 300 млрд. теңгеден астам сомаға 19 меморандумға қол қойылған. «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы арқылы тартылған қаржы көлемі 317 млрд теңгені құрайды. Жергілікті және шетелдік инвесторлардың қатысуымен 5 жоба іске қосылса, тағы 17 жоба әзірлік сатысында. Тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым, жолдар, сумен жабдықтау және электр желілерін дамыту да да қыруар іс тындырылуда.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СҚО ӘКІМІ
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері де өңір басшысының есебінде көрініс тапты. Бұдан соң депутаттар облыс әкіміне өз сауалдарын жолдады. Соның бірі мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашуға қатысты болды. Өңір жетекшісі сауалдың орынды екендігін айтып, қазір қолайлы ғимарат табылғандығын, ол №2 арнайы мектеп-интернат орналасқан нысан екендігін атап көрсетті.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СҚО ӘКІМІ
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СҚО ӘКІМІ
Депутаттар тарапынан түскен сауалдардың барлығына толыққанды жауап берілді. Оған қанағаттанған халық қалаулылары облыс әкімінің есебін бірауыздан бекітті.