28 мектеп базасында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтті. Байқауды «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Хабар» агенттігімен бірлесе ұйымдастырды. Аудандық және қалалық мектептерден 11 сыныптың 24 оқушысы қатысты.
«XXI ғасыр көшбасшысы» бұл елдің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған тележоба. Бұл ойын екі жылдан бері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» телеагенттігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Зияткерлік ойынның басты мақсаты – жас таланттарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.
СНХР: БАХЫТ ҒАБДУЛЛИНА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Іріктеу кезеңі компьютерлік тестілеу форматында өтті. Сұрақтар жалпы білім беретін пәндер бойынша дайындалған, нақытрақ айтқанда: математика, биология, химия, тарих және шет тілінен. 60 сұрақтың жауабын анықтауға 1 сағат 15 минут уақыт берілді.
СНХР: ҚАРАҚАТ БИҒОЖИНА, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ КЕҢЕС ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде 5 оқушы жоғары балл жинады. Енді олар наурыз бен маусым айлары аралығында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайтын болады.