Петропавлда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 6637 әскери бөлімінің запасқа шығарылатын 2024 жылғы шақырылым сарбаздары білім гранттарымен, гармоталармен марапатталды. Ақан сері атындағы облыстық филармонияда әскери борышын өтеген азаматтарды ұлықтау кеші өтті. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6637 Әскери бөлімі қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті сақтау, төтенше жағдайларды жоюға қатысу, заң бұзушылықтың алдын алу мақсатын көздейді. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін арқалаған бөлім бүгінге дейін талай жауынгерлік қызметтерді абыроймен атқарып келеді.

СНХ: ШУХРАТ ӘШІМОВ – ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ


Әскер мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік нәтижесінде мерзімді әскери қызметін абыроймен өткерген азаматтар мемлекеттік білім гранттарына қол жеткізе алады. Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне «Сарбаз 2.0» республикалық бағдарламасының қорытындысы бойынша білім гранттарын табыстау рәсімі өтті. Айталық, Қостанай облысының тумасы Нұрбол Қасымұлы «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде» тегін білім алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болды.

СНХ: НҰРБОЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ


6637 әскери бөлімінің жеке құрамы көктемгі су тасқыны кезінде аянбай еңбек етті, олар 1 ай бойы бөгеттерді нығайту жұмыстарына белсене атсалысты. Бір жыл көлемінде қызметін адал атқарып, көзге түскен үздік сарбаздар арнайы грамота, сертификаттармен марапатталды.