Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс орталығында Желтоқсан оқиғасының құрбаны, жерлесіміз Нұржан Қалиасқаровты волейболданеске алуға арналған турнир өтті. Биыл 28-ші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл дәстүрлі додаға 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тимирязев ауданының тумасы Нұржан Қалиасқаров «Желтоқсан» көтерілісінің құрбаны.Оған құрмет ретінде 1996 жылы «Желтоқсан» қоры құрылды. Бүгінде бұл ұйым жыл сайын волейболдан еске алу турнирін ұйымдастырып, дәстүрді үзбей жалғастыруда.
СНХ: ӨМІР ЕСҚАЛИ, Н.ҚАЛИАСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ «ЖЕЛТОҚСАН» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Биылғы турнирге өңір аудандары мен облыс орталығынан барлығы 12 команда қатысып, өзара бақ сынады. Спорттық додаға облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаментінің «Айбын» командасы тың дайындықпен келген.
СНХ: РҮСТЕМ САЙЛАУОВ, «АЙБЫН» ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды – Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп- гимназиясы иеленді. 2 орын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаментінің «Айбын» командасына бұйырса, 3-ші орынға «Сұңқар» командасы ие болды. Жеңімпаз командаларға ақшалай сертификаттар, медальдар, дипломдар табысталды.