Облыс орталығына «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс сапары ұйымдастырылып, делегация өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. 

Жұмыс сапарымен келген делегация мүшелері «Жас Өркен» шағын ауданында орналасқан 280 орындық балабақша құрылысының барысымен танысты. Бұл нысан қайтарылған активтер есебінен салынып жатыр.

СНХ: ЕРЛАН САЙЫРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДІГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ


Мердігер «Основание» ЖШС өкілдерінің айтуынша, балабақша құрылысына 2 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Жалпы аумағы 1 гектар жерді алып жатқан нысанды салуға 10 ай уақыт кеткен. Компания балабақшаны бір апта көлемінде толық аяқтап, тапсыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар делегация мүшелері былтыр қаңтар айында ашылған 28 келешек мектебінің жұмысымен де танысты. Сапар барысында ерекше көңіл балаларды тамақтандыру сапасына аударылды.

СНХ: ГҮЛЖАН ЖАҚАНОВА, №28 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ


Айта кету керек, қазіргі таңда бұл білім ордасында 678-ге жуық оқушы білім алып жатыр.