«Ботай» арт-галереясында «ШАБЫТ» сурет көрмесі қанат жайды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша, Солтүстік Қазақстан облыстық Суретшілер одағы шығармашылық жылдың қорытындысын есептік көрмемен аяқтауда жөн көрген. 

Көрменің мақсаты авторлардың шығармашылық ізденістерін жан-жақты көрсету сондай-ақ суретшілер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайту. Экспозицияда қылқалам шеберлерінің әр түрлі техникада орындалған жаңа форматтағы туындылары ұсынылды.

СНХ: АЙШАБИБІ ХАДЕСОВА – «БОТАЙ» АРТ-ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ


Биылғы көрмеде көрермен назарына 25 туынды ұсынылған. Әрбір шығарма – автордың дүниетаны мен шығармашылық қуатын, дара қолтаңбасын танытатын жеке бір әлем.

СНХ: АЙДАРБЕК ҚАЛДЫРОВ – СУРЕТШІ


Көрме 3 ай жалғасады, келемін деушілерге есік ашық. «ШАБЫТ» –дәстүрді сақтауға және суретшілердің кәсіби деңгейін қолдауға мүмкіндік беретін маңызды диалог алаңы.