Петропавлдың орталық алаңында «Жаңа жылдық қаз» фестивалі өтті. Бұл іс-шара «Ауыл» партиясының 25 жылдығына арналды. Қонақтарға ауыл шаруашылығы өнімдері, сувенирлер, тәттілер ұсынылды, этно-фольклорлық ансамбльдер өнер көрсетті, сондай-ақ қаздан тағам дайындауға арналған аспаздық шеберлік сабағы ұйымдастырылды.


Фестиваль ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілерін, қолөнершілер мен өңірдің шығармашылық ұжымдарын бір алаңға біріктірді. Негізгі назарды түрлі тұқымдағы қаздардың көрмесі өзіне аударды.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН КҰСМАНҒАЛИ — «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.


Шал ақын ауданынан келген жас кәсіпкер Темірлан Шегебаев үш жылдан астам уақыт қаз өсірумен айналысып келеді. Кәсібін 200 қаздан бастаған кәсіпкер бүгінгі күні түрлі жәрмеңкелерге тұрақты қатысып, өнімдерін таныстыруда.

СНХ: ТЕМІРЛАН ШЕГЕБАЕВ, ЖАС КӘСІПКЕР


Құрмет грамотасымен марапатталған Инна Клюева он жылдан астам уақыт бойы құс өсірумен айналысады. Ол жыл сайын шамамен 2–3 мың қазды баптап өсіреді.

СНХ: ИННА КЛЮЕВА - «КЛЮЕВА» ЖК, МАЛОЕ БЕЛОЕ А.


Биыл ауыл тұрғындарына тауарлық несие берілген. Маусым айында «Ауыл» партиясы 128 ауыл тұрғынына жалпы 13 205 бас құс таратты.