Қылмыскерді бейтараптандыру және азаматтарды қорғау үшін полицейлерге жүйелі оқу-жаттығу жиындарында бекітілетін дағдылар қажет. Мұндай дайындықты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырады.

Қызылжар аудандық полиция бөлімінде таңғы уақыт саптық дайындық бойынша сынақпен басталды. Осы жерде, бөлімшенің саптық алаңында, автокөлікті тексеру мен күдіктілерді ұстау тактикасы пысықталды. Тәжірибелі нұсқаушылар қызметкерлерге дағдыларын жетілдіруге көмектесіп, күдіктіден төнуі мүмкін кез келген қауіптің жолын кесудің тәсілдерін көрсетеді.


Жергілікті дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт залында қызу жаттығудан кейін полицейлер шабуылдан қорғануды, ұстау және тінту тәртібін, арнайы күрес тәсілдерін меңгереді.


Тирдегі сабақтар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталады. Оқ ату алаңына шығар алдында қызметкерлерге жүктеме беріледі: жүгіру, айналу, қолды бүгіп-жазу және отырып-тұру жаттығулары. Осыдан кейін бірден Макаров тапаншасынан екі нысананы дәл көздеуі қажет. Калашников автоматымен жұмыс істеу алдымен тирде пысықталып, кейін атыс полигонында жалғасады.

СНХР: Ерлан Қабдуалиев – СҚО ПД арнайы және кәсіби даярлық басқарма басшысының орынбасары

Бұдан бөлек, қызметкерлер кәсіби-қызметтік даярлық бойынша дәрістер арқылы білімдерін тереңдетеді. Апта бойы мұндай сабақтар облыстық полицияның барлық аумақтық бөліністерінде өтті. Мақсат – кез келген жағдайда азаматтарды қорғауға және «Заң мен Тәртіпті» қамтамасыз етуге толық дайын болу.