Петропавлда «Кәсіподақ — болашаққа бағдар» атты жастар форумы өтті. Іс-шараға өңірдің әр ауданынан келген 125-тен астам жас белсенді қатысты. Форумды СҚО білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитеті ұйымдастырды.

Мақсат — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың кәсіподақ жұмысына белсенді араласуына жол ашу. Форум барысында үздік жастар марапатталып, кәсіподақ жанындағы Жастар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Жастар кеңесіне әр ауданнан 12-15 белсенді мүше таңдалды. Олар өз өңірлерінде жастардың ұсыныстарын жинап, облыстық деңгейде көтереді. Сонымен қатар, қатысушылар тимбилдинг форматындағы ойындарда бақ сынайды. Бұл — бір-бірімен жақынырақ танысып, командалық жұмысты дамытудың тәсілі.

СНХР: ГҮЛРАЙХАН ИЩУК, ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ