Солтүстікқазақстандық полицейлер төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп 5 желтоқсанда басталған «Пиротехника» республикалық профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр. Басты мақсат – пиротехникалық өнімдерді сату, сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпті әрі сертификатталмаған бұйымдардың таралуына жол бермеу.
Кешенді шаралар өрттің, жарақаттардың және басқа да оқыс жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Әсіресе адамдар көп жиналатын орындар мен тұрғын секторында қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Жұмыс «Зан мен Тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттары аясында іске асырылуда. Полицейлер базарлар мен сауда орталықтарында рейдтер өткізіп, сапасыз пиротехниканың қаупін түсіндіреді және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Негізгі басымдық – балалардың қауіпсіздігі. Тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы сату орындарынан сатып алуға, нұсқаулықты мұқият оқуға және балаларды қатаң бақылауда ұстауға кеңес беріледі. «Пиротехника» профилактикалық іс-шарасы 3 қаңтарға дейін жалғасады.
СНХР: ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ – СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ