Әлеуметтік желілерде түрлі трендтерге куә болып жатамыз. Солардың ішінде балалардың да, ересектердің де назарын өзіне аударған антистресс ойыншықтарының түрлері қаншама. Көпшілігі экранның ар жағында отырып, оларды өз қолымен ұстап көргісі келеді. Дәл осындай танымал антистресс ойыншықтарды өңірімізде де жасайды екен. Ең қызығы, Қызылжар Креатив Орталығының креаторы Алексей Захаров сол трендтегі ойыншықтарды 3D принтер арқылы шығарады екен. 


СНХ: АЛЕКСЕЙ ЗАХАРОВ, «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» 3D МОДЕЛЬДЕУ БАҒЫТЫНЫҢ КУРАТОРЫ


Жалпы 3D модельдеу ең алдымен цифрлық ортада басталады. Алдымен маман болашақ бұйымның көлемін, пішінін және барлық ұсақ бөлшектерін арнайы бағдарламада жасайды.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ЗАХАРОВ, «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» 3D МОДЕЛЬДЕУ БАҒЫТЫНЫҢ КУРАТОРЫ


Модель толық дайын болған соң, оны басып шығару кезеңі басталады. Алексей жұмыста Bambu Lab 3D принтерін қолданады — жылдамдығы жоғары, көптүсті басып шығаратын заманауи құрылғы.


СНХ: АЛЕКСЕЙ ЗАХАРОВ, «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» 3D МОДЕЛЬДЕУ БАҒЫТЫНЫҢ КУРАТОРЫ


Сонымен қатар кейіпкеріміз бұдан басқа жобаларды жүзеге асырмақ . Ол— NFC белгілері бар интерактивті брелок.

СНХ: АЛЕКСЕЙ ЗАХАРОВ, «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» 3D МОДЕЛЬДЕУ БАҒЫТЫНЫҢ КУРАТОРЫ


Кейіпкеріміздің жұмыстары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал болып үлгерді. Австралия, Корея, АҚШ сынды елдерден тапсырыстар қабылдап, өз қолтаңбасын қалыптастырып келеді.