Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ақын Альфред Пряниковтың 90 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға Михаил Аверин атындағы СҚО әдеби бірлестігінің мүшелері, ақынның достары және оқушылар қатысты. Сондай-ақ арнайы осы кеш үшін Соколовка ауылынан оның әріптестері мен кітапханашылар келді.

Іс-шара барысында Альфред Пряниковтың өмірбаяны, шығармашылық жолы жайлы баяндама жасалды. Сонымен қоса, жазушының топтамалары «Солтүстік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» газеттеріне, сондай-ақ «Молодые голоса», «Зори над степью» жинақтарына жарияланғаны атап өтіліп, оның әдеби бірлестікті басқарған кезеңі де еске алынды. Сондай-ақ, әдеби-музыкалық кеш аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, онда жазушының Соколовка ауылында сақталған сирек кездесетін кітаптары қойылды. Жиынға мектеп оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы мақсаттардың бірі — осы тұлғаны жас буынға кеңінен таныстыру болған.

СНХР: ЕЛЕНА СКАКУНОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ