Солтүстік Қазақстан облысы энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды жеделдетіп келеді. Сондай-ақ әрбір ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. 


Тайынша қаласында 4 шақырымнан астам жылу желісін жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба құны 730 млн теңге. Биыл облыста 76 шақырым электр желісі ауыстырылып, 3 қосалқы станция қайта жөнделді. Бұл жұмыстарға жалпы 13 млрд теңге жұмсалды. Ал, Петропавл қаласы үшін ұзындығы 8 шақырым екі жылу желісі жобасы әзірленіп жатыр, құны 11 млрд теңге. Жалпы, 2029 жылға дейін облыста 7 мың шақырымнан астам инженерлік желі жаңғыртылмақ.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ


Солтүстік Қазақстан облысы жол сапасын арттыруға және өңіраралық байланысты күшейтуге ерекше көңіл бөлуде. Өңірдегі автожолдардың жалпы ұзындығы 8,4 мың шақырым. СҚО бұл көрсеткіш бойынша республикада екінші орында.


СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ

2029 жылға дейін облыс орталығындағы барлық көшелер толықтай асфальтталмақ. Соңғы үш жылда Петропавлдың 63 көшесіне алғаш рет асфальт төселді. Биыл сондай-ақ бұрын жол жабындысы мүлде болмаған 51 елді мекенде, соның ішінде шекара маңындағы аудандарда жөндеу жұмыстары жүргізілді.