Петропавлда Тәуелсіздік күні қарсаңында «QaganAcademySKO» спорт клубының өткен жылдағы жұмысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында жыл бойы ерекше көзге түскен спортшылар марапатталып, олардың жарқын жеңістері мен табыстары аталып өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – «QaganAcademySKO» спорт клубының жыл бойғы жұмысына қорытынды жасап, жас спортшылардың мотивациясын арттыру. Клуб жетекшісі Ақжан Нәкеновтың айтуынша, бүгінде олардың құрамында Қазақстан чемпионы және Қазақстан кубогының иегері атанған спортшылар бар. Қазіргі уақытта мұндай жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар саны — жетеу.
СНХ: АҚЖАН НӘКЕНОВ, «QAGAN ACADEMY SKO» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Әділхан Айтжанның осы спорт түрімен айналысып жүргеніне төрт жыл болған. Оның спортқа деген қызығушылығын оятып, осы жолға әкелген ағасы екен.
СНХ: ӘДІЛХАН АЙТЖАН, СПОРТШЫ
Бүгінгіндще облыс бойынша ашхара каратэ бағытында шамамен 200 жас спортшы шұғылданып жүр.