Облыс орталығының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы «Қызыл Ай» қоғамының СҚО филиалы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, халықаралық волонтерлер күніне арналған фестиваль ұйымдастырды. Іс-шараға денсаулық сақтау мен білім саласының қызметкерлері, студенттер және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Фестиваль барысында ең белсенді азаматтар түрлі марапатқа ие болды.
Бұл фестиваль дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы іс-шараға 160-қа жуық адам қатысты. Олардың 40-қа жуығы «Қызыл Ай» қоғамының алғыс хаттарымен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мерекенің маңызы ерекше. Негізгі мақсат - қоғамға үлес қосқан еріктілердің еңбегін ескеру.
СНХР: СӘУЛЕ ОРАЗОВА, ҚР «ҚЫЗЫЛ АЙ» ҚОҒАМЫ
СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Еріктілер – жүрек қалауымен, өз еркімен көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық қолдау көрсететін азаматтар. Іс-шараға қонақ ретінде шақырылған Светлана Кашенцеваның айтуынша, еріктілерді біріктіріп, бағыт беріп отырған ұйымдардың қоғамдағы рөлі ерекше.
СНХР: СВЕТЛАНА КАШЕНЦЕВА, СҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ