Енді бет-жүзін толық жапқан кез-келген адам жауапкершілікке тартылады. Яғни, түрін адам танымастай жасырғандар заң алдында жауап береді. Бірінші оларға ескерту жасалады. Ескертуді елемей, екінші рет тәртіпке бағынбаса 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бүгін Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске осыған қатысты жаңа бап енігізу туралы заң жобасы қаралды. Яғни, қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешектерді кию туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа бап енгізіледі.

СНХ: ҮНЗИЛА ШАПАҚ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ