Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндалды. Сондай-ақ мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Президент аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.