Бүгін «Баларман» балабақшасында қазақтың дара ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық байқау өтті. Іс- шараға балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау үш аталым бойынша ұйымдастырылды: Абай өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу, әндерін орындау және ақын шығармаларын сурет арқылы бейнелеу. Жалпы саны 30-ға жуық қатысушы өз таланттарын көрсетті.


«Абай өлеңдері - ұлттық қазына» атты тағылымды жиын «Баларман» жекеменшік және «Алпамыс» мемлекеттік балабақшаларының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға арнайы келген қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жас ұрпақтың рухани дамуына бағытталған бастаманың маңызын атап өтті. Қонақтар назарына тәрбиеленушілердің дайындаған әсерлі қойылымдары ұсынылып, Абай мұрасының тереңдігі мен тәрбиелік мәні тағы бір мәрте айшықталды.


СНХР: БАЛДЫРҒАН ІЛИЯСОВ, «БАЛАРМАН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Байқауға өзге этнос өкілдері де белсенді түрде қатысты. Қатысушылардың өнерін арнайы тағайындалған қазылар алқасы бағалады. Олар балалардың мәнерлеп оқуы, шығармашылық шеберлігі мен сахналық мәдениетіне мұқият назар аударып, әділ бағасын берді.


СНХР:БОТАГӨЗ ҚОЖАБЕКОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Байқау қорытындысында үздік өнер көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Іс-шара соңында барлық бүлдіршіндерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.