2025 жылы Қызылжар ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Ауданның биылғы көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетіп отыр. 28 қарашадағы жағдай бойынша аудандағы негізгі салаларда оң динамика байқалады. 


10 айдың қорытындысы бойынша Қызылжар ауданында негізгі салаларда тұрақты өсім байқалады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 80,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,3 пайызды көрсетті. Өнеркәсіп саласында да оң динамика тіркелді: өндіріс көлемі 33,8 млрд теңге болды. Аудан бойынша орындалған құрылыс көлемі 11,5 млрд теңгеге жетіп, өсім 153,9 пайызды құрады. Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттердің бірі – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл бағытта Қызылжар ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудандағы 68 ауылдың 42-сі, яғни 60 пайызы, орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Онда шамамен 37 мың тұрғын тұрады, бұл аудан халқының 80 пайызына жуық. Ауыз су инфрақұрылымын дамыту және елді мекендерді таза сумен қамту жұмыстарын жыл соңына дейін жалғастыру жоспарланып отыр.


СНХР: БЕЙБІТ ИСМАНОВ – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Тағы бір маңызды бағыттардың бірі – ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл бағытта ауданда және ауылдарда нақты жұмыстар атқарылды. Мал шаруашылығындағы зиянды жұқпалы аурулардың алдын алу, санитарлық талаптарды күшейту және инфрақұрылымды жаңарту мақсатында 4 елді мекенде жаңа нысандар салынып, ветеринариялық жағдай жақсартылды.


СНХР: БЕЙБІТ ИСМАНОВ – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Қызылжар ауданының әкімі алдағы уақытта Бескөл ауылында хоккей алаңы ашылатынын атап өтті. Бұл спорт нысаны жас спортшылар мен аудан тұрғындарына арналған. Сондай-ақ, 2026 жылы Новокаменка, Глубокое және Соколовка ауылдарында 3 жаңа спорттық ойын алаңын салу жоспарланып отыр. Аудандағы спорт инфрақұрылымын дамыту тұрғындарды саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған.