Петропавл қаласында әлемдік деңгейдегі ауыл шаруашылығы техникасын өндіру қарқын алып келеді. «СТ Эсэмбли» кәсіпорнында тракторлар, комбайндар, егу кешендері мен отандық нарықта сұранысқа ие өзге де техникалар құрастырылады. Соңғы жылдары зауыт өндіріс көлемін айтарлықтай арттырды: егер 2022 жылы мұнда жүзге жетпейтін техника жиналса, биыл олардың саны бес жүзден асты.


«СТ Эсэмбли» зауытында CLAAS және HORSCH маркалы ауыл шаруашылығы техникасы құрастырылады. Бұл – тракторлар, комбайндар, егу кешендері және әлем бойынша ең үздік техникалардың қатарына кіретін өзге де машиналар. Кәсіпорын негізінен отандық нарықтың қажеттіліктеріне бағытталған – техниканың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарына жеткізіледі.


СНХР: СЕРГЕЙ ЖОЛИК – «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ


 2022 жылы зауыттан 92 техника құрастырылып шыққан болса, биыл бұл көрсеткіш 500-ден асты. Мамандар саны да едәуір өсті – 20 адамнан 104-ке дейін. Орташа айлық еңбек ақы 500 мың теңгеден асады, бұл – өңір көрсеткішінен жоғары.


СНХР: КИРИЛЛ ВЕШКО – «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША СЛЕСАРЬ


Кәсіпорын «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылады, бұл техниканы тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өткен жылы мұнда дуальды оқыту енгізілді. Жаңа жылда студенттердің үшінші легі қабылданады деп күтілуде.