Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов полицияның кешенді күштерін сапқа тұрғызып, Петропавл маңындағы жол қауіпсіздігі жағдайын жеке өзі тексерді.
Гарнизондық сапта генерал-майор Қабдұлдинов жеке құрамның қолайсыз ауа райында жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дайындығын бағалады. Ол жол-көлік қозғалысын қатаң бақылауды тапсырды. Ылғалды жол, көктайғақ кезінде жүргізушілерге қысқы шиналарға уақытылы көшу, жылдамдық режимін сақтау, маневр жасау ережелерін бұзбау және шаршаған күйде рульге отырмау қажеттілігі ескертілді.
СНХР: Айдын Қабдұлдинов — СҚО полиция департаментінің бастығы
Айдын Қабдұлдинов «Оңтүстік» бақылау-өткізу пунктіндегі патрульдік полицияның жұмысын қарап, облыстық «ҚазАвтоЖол» филиалының өкілдерімен бірге «Оңтүстіктен» Омбы айналма жолына дейінгі учаскені тексерді. Бұл — жол-көлік оқиғалары жиі болатын қауіпті аймақтардың бірі.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде 532 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 47 адам қаза тапты, 699 адам жарақат алды. Жол апаттарщдың негізгі себептерінің бірі — мас күйінде көлік басқару.
СНХР: Айдын Қабдұлдинов — СҚО полиция департаментінің бастығы
Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың алдын алу, мас жүргізушілерді және бұрын жүргізуші құқығынан айырылғандарды анықтау «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.