Облыс орталығының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шал ақын ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. 2025 жылы ауданның бюджеті 9,7 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 155 пайызға көп. 

2025 жылы Шал ақын ауданының бюджеті 9 жарым миллиард теңгеден асып түсті. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 155 пайызға көп көрсеткіш. Биыл ауданда бірқатар маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Негізгі индикаторларға сәйкес, инвестиция тарту бойынша жылдық жоспар 26,5 миллиард теңге болып бекітілген. Оның ішінен, 2025 жылдың өткен кезеңінде 18, 2 миллиард теңгенің инвестициясы игерілді. Бұл — жоспардың 69 пайызы. Сонымен қатар, ауданда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы да қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

СНХР: ҚАЙРАТ ОМАРОВ – ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Бұдан бөлек, Шал ақын ауданында денсаулық сақтау саласына да айырықа көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда барлық медициналық ұйымдарда 165 қызметкер бар. Дегенмен, ауданда 5 дәрігердің тапшылығы байқалады, бұл мәселені шешу үшін жүйелі жұмыстар жүргізілу үстінде. Мамандарды ауданға тарту мақсатында әкімдік медициналық қызметкерлерге коммуналдық қордан 11 жайлы пәтер мен тұрғын үй берді.

СНХР: ҚАЙРАТ ОМАРОВ – ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Айта кеткен жөн, жыл соңына дейін аудан халқы 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.