Негізгі Жаңалықтар «Саналы ұрпақ» студенттер клубының слёті өтті

«Саналы ұрпақ» студенттер клубының слёті өтті

Оқушылар сарайында «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слеті өтті. Қатысушылар 2025 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетті. 

Жиынға өңірлік колледждерден 7 клуб қатысты. Олар өз жұмыстарында жемқорлықпен күрес, адалдық, жауапкешілік мәселелерін көтерді. «Саналы ұрпақ» – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Білім министрлігінің бастамасымен іске қосылған жоба. Ол бүкіл ел бойынша мыңдаған белсенді студенттер мен оқушыларды біріктіреді.

СНХ: КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА – ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ


Аталмыш іс-шара екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Әр клуб бейнеролик, шағын қойылымдар, әндермен өздерінің жемқорлыққа қарсы екендерін жеткізді. Мысалы Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің 2 курс студенті Арман Ізберген күй дайындап әкелген.

СНХ: АРМАН ІЗБЕРГЕН, СТУДЕНТ


Слет соңында үздік деп танылған студенттер марапатталады.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар