Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігейік» атты сурет байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің 1–11 сынып оқушылары қатысып, барлығы жүзге жуық өтінім қабылданды. Солардың ішінен
үздік қырық жұмыс көрмеге қойылып, марапатқа ұсынылды.
Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным қалыптастыру, адалдық пен әділдікке баулу, сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарас орнату. Балалар өз шығармалары арқылы ізгілік, әділдік және бірлік ұғымдарын көркем бейнелеп көрсетті.
СНХР: ДИАНА ЕРСАЙЫНОВА — Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Жеңімпаздар қатарында №14 орта мектептің оқушысы Томирис Жармұханова да бар. Бұл оның алғашқы байқауы болғанымен, бірден бірінші орынды иеленді. Томирис өз жұмысында адалдық пен әділдік жолында бірігудің маңызын жеткізгісі келгенін айтты.
СНХР: ТАМЕРИС ЖАРМҰХАНОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Байқауға қатысқан барлық балалар алғыс хаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.