Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8-сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиеті пәнінен интеграциялық сабақ өтті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лариса Пустовалова белорус жазушысы Янка Маврдың «Сын воды» шығармасын математика, химия, биология және өнер пәні мұғалімдерімен бірігіп өткізді.
Сабақ барысында теңіз суының құрамындағы тұздың адамның терісіне әсері қалай әсер ететінін, қандай химиялық реакциялар жүретінін тәжірибе барысында балалар анықтап көрді. Осындай сабақтар көбірек болса, оқушылардың әр түрлі дағдыларын қалыптастыруға, әр түрлі құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, - дейді петропавлдық NIS-тің химия пәнінің мұғалімі Айман Игенова.
СНХР: АЙМАН ИГЕНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Сабақ барысында оқушылар тек кейіпкерлер мен сюжет желісін талдаумен шектелмей, қайықтардың орташа жылдамдығын есептеп, ежелгі тайпаның өмір сүру ұзақтығы мен күн тәртібіне қатысты уақыт көрсеткіштерін анықтады. Сонымен қатар, суда өмір салтының адам ағзасына әсерін зерттеп, су мен адамның терісі арасындағы химиялық өзара әрекеттесуді қарастырды. Оқушылар шығармадағы кейіпкерлердің макеттерін де жасап шықты. Олардың айтуынша, сабақ ерекше қызықты, танымдық және шығармашылық атмосферада өтті.
СНХР: АСАН ӘДІЛХАН, ОҚУШЫ
Әдебиетті жаратылыстану ғылымдарымен және өнермен біріктіру оқушыларға шығарманың мазмұнын терең түсінуге, әртүрлі пәндер арасындағы байланысты көруге мүмкіндік берді.