Алғаш рет Солтүстік Қазақстанда полицейлер «Жас сақшы» сыныптары арасында эстафета ұйымдастырды. Спорттық іс шараға барлығы 20 қатысушыдан құралған команда қатысты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалынан көрейік.
Бұл бірлескен алғашқы іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық үш «полиция сыныбы» қатысты. «Динамо» спорт кешенінің базасында тәртіп сақшылары жас сақшылар үшін көңілді эстафета өткізді. Жарыс басталар алдында облыстық полиция департаментінің Мәдениет орталығының әртістері оқушыларға патриоттық ән орындады.
Әр сыныптан 20 қатысушыдан құралған команда жарысқа түсті. Бірінші орынды М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің командасы иеленді. Екінші орын үшін тартыста №17 Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің «Жас сақшылары» жеңіске жетті. Үшінші орын Шал ақын ауданы Сергеевка қаласындағы академик Евней Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына бұйырды. Жарыс жасөспірімдердің спорттық рухын көтеріп, ұжымдық бірлігін нығайтты. Сонымен қатар, олардың дене дайындығын шыңдауға мүмкіндік берді. «Жас сақшы» сыныптарында дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді, себебі бұл оқушылардың көбі болашақта полиция офицері болуды армандайды.
Барлық қатысушылар назардан тыс қалмады — полицейлер оларға кубоктар мен грамоталар табыстады. Іс-шарадан кейін жас сақшылар спорттық киімдерін нысаналы формаға ауыстырып, СҚО ПД мұражайына экскурсия жасады. Солтүстік Қазақстан полицейлері «Жас сақшы» жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты — жас ұрпақты Отанға, Заң мен Тәртіпке құрмет рухында тәрбиелеу және жоғары сынып оқушыларын ҚР ІІМ оқу орындарына түсуге ынталандыру.