Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар медианың болмысын түбегейлі өзгертті.
Зерттеулерге сүйенсек, қазақстандықтардың 65 пайызы жаңалықты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерден оқып біледі. Енді медиа цифрлы дәуірдің жаңа талаптарына қалай бейімделеді? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеген отандық және шетелдік медиасарапшылар бүгін басталған "Astana Media Week-те" бас қосты.
СНХ: ВЛАСТИМИЛ САМЕК, БҰҰ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ, ҒАЛАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ
"Astana Media Week 2025" - Орталық Азиядағы ең ірі медиафорумдардың бірі. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған шара бүгінде аймақ журналистерінің кәсіби тәжірибе алмасатын басты алаңына айналған. Биылғы форумға Түркия, Еуропа, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан келген медиа жетекшілер мен технологтар қатысып жатыр. Форум 3 күн бойы жалғасады. Ауқымды жиын аясында 8 панельдік сессия, 7 шеберлік сағаты жоспарланған. Барлығы 60 тан аса спикер сөз сөйлеп, тәжірибелерін ортаға салады.
СНХ: БІЛГЕХАН ӨЗТҮРІК, АНАДОЛЫ АҚПАРАТ АГЕНТТІГІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС БОЙЫНША МЕНЕДЖЕРІ