Облыста дәстүрге айналған әкімдер форумы өтті. Іс-шараның мақсаты атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды нақтылау. Форум аясында ауылдарды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды. Ауқымды жиынға 500 ден астам адам қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында ауылдың әл-ауқатын көтеру мәселесіне тоқталды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттің негізгі ресурсы екендігін атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысы республика бойынша ауыл саны жағынан екінші орында. Қазір облыста ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 174 мың тұрғынның өмір сапасы жақсарды.


Снх. ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Экономикалық өсім қарқыны бойынша облыс республикада бесінші орында. Тұрақты өсім сақталып отыр. Әрбір салаларға бағытталған қаржылық ресурстар өңір экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ауылдық жерлерде де оң өзгерістер болу үшін 2024 жылы 279 млрд теңге бөлінді, биыл шамамен 60 млрд теңге қарастырылған. Өңірге инвестиция тарту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жылда облысқа 1,4 триллион теңге инвестиция тартылған.

Снх: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жыл сайын жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соңғы 2 жылда 1 200 км астам жол жөнделді. Бұл нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 84 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Снх: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


 Мемлекет басшысы жасанды интеллекті дамыту туралы да айтқан болатын. Ол үшін барлық жерде байланыс болу керек. 2024 жылдан бастап «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы жүзеге асып келеді. Оның негізгі мақсаты халықты кең жолақты интернетпен қамту.


Тайынша ауданында 1897 белсенді кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Биыл шағын және орта бизнес бойынша 9 жаңа нысан ашылды. Аудан әкімдерінің тиімділік көрсеткіштері аясында әр 10 мың тұрғынға 220 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 86 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланған.

Снх: БЕРІК ӘЛЖАНОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Өңірде «Дипломмен ауылға» жобасы табысты жүзеге асырылуда. 2020-2024 жылдар аралығында 3 544 жас маманға жалпы сомасы 1,1 миллиард теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілген. Экономикалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау жүргізілуде. Кадр дайындау мәселелеріне түбегейлі жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Облыста 24 колледж жұмыс істейді, онда 11 мыңнан астам студент білім алуда. Оның 12-сі ауылдық жерде орналасқан, соның ішінде 10 колледж ауыл шаруашылығы салалары бойынша мамандар даярлаумен айналысады. «Жас маман» жобасы аясында 2021 жылы бес ауылдық колледж 1,4 млрд теңге көлемінде заманауи жоғары технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын алды.


СНХ: АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жиын соңында жыл бойы жауапкершілікпен жұмыс істеп, елді мекендерді дамытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендер марапатталды.