Бүгін креативті орталықта «Рухты өнер-өнегелі өмір» атты ерекше шығарамашылық концерт өтті. Іс-шара өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан мен Астана қаласынан келген өнерпаздар және өңіріміздің таланттары сахна төрінде өз шеберліктерін көрсетті. Көрермен рух пен шабытқа толы өнер туындыларын тамашалап, ерекше әсер алды.
Концертте Астана қаласындағы «Qanattylar» инклюзивті театрының өкілі және жергілікті «Sensitive» би театрының кіші ұжымы өнер көрсетті. Сонымен қатар Өскемен қаласынан келген облыстық байқаулардың лауреаттары - Алия Маханова, Радмир Видахмет және оқытушы Айдын Мұхамеджанов көрермен назарына өз өнерлерін ұсынды. Өнерпаздар Петропавл қаласына алғаш рет келіп, жергілікті жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады.
СНХ: ӘЛИЯ МАХАНОВА, КЕШКЕ ҚАТЫСУШЫ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
Өскемен қаласынан келген өнерпаздар петропавлдықтарға бес нөмір ұсынды. Барлық туынды жанды дауыста, гитараның сүйемелдеуімен орындалды. Әрбір өнер туындысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, орындаушылардың шынайы сезімін көрсетті.
СНХ: АЙДЫН МҰХАМЕДЖАНОВ, КЕШКЕ ҚАТЫСУШЫ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
«Рухты өнер-өнегелі өмір» концерті - өңірлер арасындағы достық пен мәдени өзара түсіністіктің символы. Концерт соңында қатысушыларға мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлестері үшін Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.