Полтавка ауылында әлеуметтік және экономикалық даму қарқыны артып келеді. Елді мекеннің өркендеуіне жергілікті «Полтавское» серіктестігі өз үлесін қосып отыр. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі байқалады. Сонымен қатар, ауыл мектебінде білім беру ісі жаңа деңгейге көтерілу үстінде. Мұнда балалар заманауи әдістермен, озық үлгідегі бағдарламалар бойынша оқытылып жатыр. Бұл жас ұрпақтың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп отыр.


Полтавка орта мектебінде қазіргі таңда 120-дан астам оқушы білім алады. Білім ошағында 25 мұғалім еңбек етеді. Айта кетейік, жергілікті «Полтавское» серіктестігінің бастамасымен ауыл мектебінде «Жас ғалым» атты инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаның басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, сондай-ақ олардың заманауи білімге деген қызығушылығын арттыру.

СНХ: ЖҰМАБИКЕ ӘШІРБЕКОВА, ПОЛТАВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, «Жас ғалым» жобасы білім беру жүйесіне енгізілгеннен бері оқушылар арасында оң нәтижелер байқалып келеді. Олардың пәнге деген қызығушылығы артып, ғылыми ізденіске ұмтылысы күшейген.

СНХ: АЙДЫН КӘРБЕК, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ


 Заманауи жабдықтар мен зертханалар күрделі сабақтарды қызықты әрі түсінікті етіп өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушыларға шығармашылықпен айналысуға да жағдай жасалған.

Жалпы, «Полтавское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жергілікті мектепті қолдау мақсатында 120 миллион теңге көлемінде қаражат бөлген. Қаржының 80 миллионы мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге бағытталды.

СНХ: БЕРІК ҰЗАҚБАЙҰЛЫ ,«ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ» БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ


Мейрам Бектеміровтің білім саласында 13 жылдық өтілі бар. Білікті ұстаз «Жас ғалым» жобасы аясында жаңа үйге ие болды. Қазіргі таңда жұбайы екеуі 4 бала тәрбиелеп отыр.

СНХ: МЕЙРАМ БЕКТЕМІРОВ – ПОЛТАВКА ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ


Айта кетейік, былтырға дейін оқушылар тек таңғы бөлімде ғана оқыса, қазіргі таңда сабақтар түстен кейін де жалғасады. Балалар енді зертханалық жұмыстар жүргізіп, айналасындағы құбылыстарды бақылап, ғылыми жобалар жазады.