Өңіріміздегі сүт-тауарлы фермалар саны жыл санап артып келеді. Ал ондағы сүтті, етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды малдың барлық потециалын пайдалану үшін бірінші кезекте ірі қараға қолайлы жағдай жасау қажет. Себебі мұндағы сауын малы жайылымға шығарылмайды жыл 12 ай қорада ұсталғандықтан жатын орындардың таза әрі жылы болуы шарт. Жем-шөп, түрлі қоспалар, сүрлердермен қамтамасыз ету жұмыстарының бәрі қатаң бақыланады. Бұл — малдың денсаулығын жақсартып, өнімділігін арттырудың негізгі кепілі. Соның нәтижесінде, өнімнің сапасы, бірізділігі қамтамасыз етіледі.

Аққайың ауданындағы «Дайындық» серіктестігі 1997 жылы құрылған. Содан бері бірнеше мәрте жаңартулар мен жетілдірулерден өтіп, бүгінде өңіріміздегі алдыңғы қатарлы ірі агроқұрылымдардың біріне айналды. Алғашында жұмыстары тек астық өсіруге бағытталса, бертін келе егіншілікпен қатар мал шаруашылығын дамытуды да қолға алады. Осылайша олар 2018 жылы сүт тауарлы фермасын іске қосқан. Ондағы етті-сүтті бағыттағы 600 басқа жуық сименталь сиырлары Австриядан әкелініпті. Сол жылдан бастап қолға алынған шаруашылықтағы сүт өндірісі бүгінде бір ізділікке түсіп, қазіргі күні ауылдың 45 адамын тұрақты еңбекпен қамтып отыр. Солардың бірі Сәуле Мамбетова. Ол осы жерде сауыншы болып еңбек етіп өз напақасын тауып отырған жандардың бірі.

СНХ: Сәуле Мамбетова – ферма сауыншысы 

Бір мезетте 32 сиыр саууға мүмкіндік беретін Германиялық «Елочка» қондырғысы толығымен автоматтандырылған. Небары 4 сауыншы болғанымен екі-екіден кезекпен жұмыс істейді. Таңғы, түскі, кешкі сауын процестерінің үздіксіздігін, әр сиырдың сауын кезінде жағдайы, сүт мөлшері мен оның сапасын операторлық орталықта арнайы маман бақылап отырады.

СНХ: Елена Некрасова – ферма бригадирі 

Дайын өнімді серікестік облыс орталығындағы «Маслодел» кәсіпорнының сүт зауытына өткізеді. Аталмыш кәсіпорынның арнайы көліктері бұл жерден күніне екі мезгіл келіп сүт әкетеді екен. Әр рейс жөнелтілмес бұрын оператор мен жүргізуші сүттің алкоголь мен қышқылдығына сынама жүргізеді.

СНХ: Елена Некрасова – ферма бригадирі 

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің қалыпты жағдайды болуы малды тиісті деңгейде күтіп ұстау, дұрыс тамақтандырумен тікелей байланысты. Жем-азық рационының дұрыстығы мен құнарлылығы сауын сиырлардың тиісті мөлшерде сүт беруінің кепілі. Оларға бірінші кезекте бригадир мен зоотехник секілді ферма мамандары жауапты.