Конституцияның жаңа жобасында білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға айрықша басымдық берілген. Бұл бағыттар ел дамуының негізгі тіректерінің бірі ретінде айқындалды. Негізгі заңды жаңарту арқылы қоғамдық сананы жаңғырту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және ұлттық бірегейлікті нығайтуға жол ашылады. Осылайша мәдениет пен гуманитарлық саланың қоғамдағы рөлі күшейе түспек.
Жаңа редакцияда мемлекеттің стратегиялық дамуына серпін беретін бастамалар қамтылған. Әсіресе мәдени мұраны сақтау мен оны заманауи технологиялар арқылы насихаттауға ерекше көңіл бөлінген. Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық саланың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
ЕРСҰЛТАН УАЙС, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ РЕЖИССЕРІ