2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Қазіргі таңда құжат ел көлемінде әлі де кеңінен талқылануда. Жоба азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, негізгі заңда адам құқығының үстемдігі мен мемлекет алдындағы жауапкершілік мәселелері нақты айқындалған.
Жаңа Конституция жобасында адам құқығы мен бостандығы ең жоғарғы құндылық екені айқындалып отыр. Әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар. Әр азаматтың мемлекеттік органның заңсыз әрекетімен келтірілген зиянды мемлекеттен өндіріп алуға құқығы бар.
ЭЛЬМИРА ЖАУАРОВА, КІШКЕНЕКӨЛ №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ