Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында наурыз айында ауа-райы климаттық нормадан жылырақ болады.

Биыл өңірде наурыз айы қалыпты көрсеткіштен жылы болады деп күтілуде. Ауа температурасының орташа көрсеткіші минус 5-7 градус шамасында, бұл көпжылдық нормадан шамамен бір градусқа жоғары. Бірінші онкүндіктің ортасында қысқа мерзімді жылыну болжанып отыр. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері әдеттегіден көп болады. Қар, боран, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Кей күндері тұман түсуі ықтимал.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ