Қысқы маусымға дайындық аясында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен «ҚАЖ Сервис» филиалы бірлесіп, 2025 - 2026 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл іс-шара республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік апаттарының алдын-алуға бағытталған.
Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстарға қолдау көрсетеді. Сондықтан көлік жүргізушілеріне өз автокөліктерін қысқы пайдалану маусымына алдын ала дайындап жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру қажеттігін ескертеді.
СНХ: МАДИНА ЕРҒАЛИЕВА, СҚО ПД ӘПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Бүгінгі күні 154 бірлік қар тазалайтын техника дайындалған. Барлық техника қысқы кезеңге 100 пайыз әзір.
СНХ: ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ