Облыстық балалар ауруханасында денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектті енгізу бағытындағы жобалардың таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында медициналық диагностика және аурулардың алдын алу жүйелерін жетілдіруге арналған AI жобалар таныстырылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай шешімдер медициналық қызметтің сапасын арттырып, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының GR-директоры Әсел Абақова жасанды интеллектті денсаулық сақтау саласына енгізу тек технологиялық дайындықты ғана емес, сондай-ақ инновацияларды ынталандыратын және пациенттер мен медициналық ұйымдардың мүдделерін қорғайтын нақты тарифтік және инвестициялық саясатты талап ететінін атап өтті.

СНХР: ӘСЕЛ АБАҚОВА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ GR-ДИРЕКТОРЫ


Әсел Абақованың айтуынша қазір елімізде жасанды интеллект онкология саласында, әсіресе радиологияда, яғни кескіндер арқылы талдау жүргізуде белсенді дамып келеді. Бірқатар жобалар қатерлі ісікті анықтауға бағытталған, соның ішінде сүт безі қатерлі ісігін ерте диагностикалау жүйелері бар.

СНХР: ӘСЕЛ АБАҚОВА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ GR-ДИРЕКТОРЫ


СНХР: РУСЛАН БАЛТАБАЕВ, «MINDRAY» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ


Қазіргі таңда бұл жобалар Қазақстанның бірнеше өңірінде пилоттық сынақтан өтіп жатыр. Алдағы уақытта оларды Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында да сынақтан өткізу жоспарлануда.