Солтүстікқазақстандық өнерпаздар халықаралық сахнада тағы да өз шеберліктерін таныта білді. «Tumar» би ансамблі Үндістанда өткен Халықаралық фестивальге қатысып, қазақтың ұлттық өнерін әлемге паш етті. Лаос, Мальдив, Армения, Беларусь сынды елдерден жиналған үздік ұжымдар арасында солтүстікқазақстандық бишілер де өнерімен ерекшеленіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақ биінің сұлулығы мен рухани тереңдігін танытқан он қойылымнан тұратын 45 минуттық бағдарлама үнді көрерменін тәнті етті. «Tumar» ансамблі тек Дели қаласында ғана емес, Үндістанның тағы төрт ірі қаласында өнер көрсеткен.
СНХР: АҚЕРКЕ МҰСАЛИМОВА, «TUMAR» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Үндістандағы халықаралық фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүздеген өнер ұжымдарын жинады. Жас бишілердің айтуынша, бұл іс-шара «Tumar» ансамблі үшін тек өнер көрсету алаңы емес, мәдениеттер тоғысқан, би арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген ерекше орта болды.
СНХ: ДІЛНӘЗ СМАЙЫЛОВА, БИШІ
Айта кетейік, биыл «Tumar» би ансамблінің құрылғанына – 7 жыл. Бүгінде құрамында 200-ден астам биші бар. Би ұжымы алдағы уақытта да халықаралық фестивальдерге қатысып, әлемдік сахналарда қазақ мәдениетін насихаттауды жоспарлап отыр.