Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Құдайберген Қалиевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тұлға тағылымы: адал еңбек пен елге қызмет етудің мәні» тақырыбындағы ашық дәріс өтті. 

Жиын барысында М. Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев Құдайберген Қалиұлына салтанатты түрде «Құрметті профессор» аттестатын табыстады.


Мерейтойлық іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен, студенттер қатысты. Білім ордасында Құдайберген Қалиұлының өмір жолынан сыр шертетін фотогалерея да ұйымдастарылған. Еңбек ардагерінің замандастары мен қызметтес болған жандар ортаға шығып жылы лебіздерін білдірді.

СНХ: ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ


СНХ:ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Іс-шара соңы студенттермен сұхбатқа ұласты. Жастар еңбек ардагеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Кейін жиналғандар ағаш отырғызу рәсіміне кірісті.