Петропавлда «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Zan Fest: жастар мен құқық» тақырыбында форум өтті. Іс-шараға прокуратура, дін істері, психология, құқық қорғау саласының өкілдері қатысты. Жиын барысында жастар қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтау, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру жөнінде дәрістер тыңдап, сұрақтар қойып, ашық пікір алмасты.
Форумға елуге жуық студент пен еріктілер қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауатын артыру, азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, жастар ерте жастан бастап құқықтық тұрғыда сауатты болып, қоғамдағы өз орнын дұрыс түсіне білуі қажет.
СНХР: ГҮЛБАҚЫТ БАЙБУСИНОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы
Жиында жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, нашақорлық, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және зорлық-зомбылық тақырыптары қозғалды. Сондай-ақ, мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары мен оларға қолданылатын заң аясындағы шаралар айтылды.
СНХР: ЕЛЕНА МЯЧИНА СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Форумның ең қызықты бөлігі – интерактивті бөлім болды. Онда жастар тек теориялық білім алып қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде көрсетті. Қатысушыларға түрлі жағдаяттық тапсырмалар, кейстер мен ойындар ұсынылды. Сондай-ақ, іс шара соңында жастарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырушылар арнайы мотивациялық құттықтаулар табыстады.