Облыста қазіргі таңда алимент төлеуге байланысты 9 800-ге жуық іс қаралып жатыр. Соның 6 200-ден астамы мерзімдік орындалуда. 2 500-дей адам уақытында өз еркімен төлейді. Ал, 268 іс проблемалық деп танылған. Олардың жалпы берешек соммасы 260 млн теңгеден асады.
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 99 бабына сәйкес, алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы берешекті айқындау туралы қаулы шығарады. Сол шешімде ол адамның қанша қарыз екенін анықтайды. Бұл қарыздың мөлшері есептелген кезде елдегі орташа жалақы мөлшері негізге алынады.
СНХ: АСАН МАТКӘРІМОВ, СҚО БОЙЫНША ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ал, ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті өндірісінде алимент төлемеу фактісі бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген.
СНХ: ЖЕҢІС ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алиментті ұзақ төлемеген борышкер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін қамалады. Қасақана төлемегендер Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапқа тартылады. Жаза ретінде қоғамдық жұмыстар, айыппұл немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Биыл 155 адам әкімшілік, 10 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Айта кетейік, алимент төлеуден жалтарған азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында еңбек мобильдігі орталығы жұмыс істейді.
СНХ: РУСЛАН ДЕЙНЕКО, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Жыл басынан бері мансап орталығының көмегіне 38 борышкер жүгінген. Оның 16 –сы жұмысқа орналасқан.