СҚО-да полицейлер Ұстаздар күніне орай ерекше іс-шара өткізді. Құқық қорғаушылар өз қызметкерлерін тәрбиелеген ұстаздарға құрмет көрсетті.

Ұстаздар мен олардың бұрынғы шәкірттерінің жылы жүздесуі облыстық полиция департаментінде өтті. Қонақтарды СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин құттықтады.

СНХ:Абылғазы Ғабдуллин — СҚО ПД бастығының орынбасары


Мереке аясында ұстаздарға Алғыс хаттар табыс етілді. Жылдар өтсе де, әр педагог өз шәкіртін жақсы есінде сақтаған. Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллиннің мектептегі шақтарын №26 орта мектептің директоры Лариса Гальчукова еске алды.

СНХ:Лариса Гальчукова — №26 орта мектептің директоры


Іс-шара СҚО ПД Мәдениет орталығының вокалдық тобының мерекелік концертімен аяқталды. Ұстаздың еңбегі неғұрлым жемісті болса, полицейдің де алаңдаушылығы соғұрлым аз болады. Бұл екі мамандықты «Заң мен Тәртіпке» негізделген ізгілікті қоғам құруға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді.