Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. Ал, Армения азаматтары Қазақстанға сәйкестендіру картасы және басқа да құжаттар арқылы кіреді. Ескеретін жайт Қазақстанға немесе Арменияға кірген қос елдің азаматтары 30 күннен кейін құзырлы органдарға барып, тіркелуі керек.
СНХ:МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ