Мамлют ауданында бүгінде 101 спорт нысаны бар, оның 76-сы ауылдық елді мекендерде орналасқан. Аула спорт алаңдары мен көше жаттығу құрылғылары қолжетімді. Сонымен қатар 49 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді. Жыл сайын спортпен жүйелі түрде айналысатындар мен салауатты өмір салтын таңдағандардың қатары артып келеді.


Қазір Мамлют ауданында 7 мыңнан астам тұрғын дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Бұл аудан халқының 42 пайызын құрайды. Бүгінде мұнда 27 спорт түрі дамып келеді. Ал Воскресеновка ауылында көп жыл бос тұрған мәдениет үйінің спорт залы биыл қайтадан пайдалануға берілді.

СНХ:ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


«Дені сау жан – сапалы өмірдің кепілі». Белсенді өмірді таңдаған тұрғындар үшін аудан орталығындағы «Жеңіс» спорттық-сауықтыру кешені – нағыз демалыс пен шынығу орны. Мұнда 140-тан астам жасөспірім спортпен шұғылданып, волейбол, футбол, күрес және өзге де секцияларға қатысады.

СНХ:СЕРІК ҚАНЖЕҒАЛИН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Мамлют өңірі атақты спортшыларымен де танымал. Олардың қатарында Анна Стратан, Артем Головин, Павел Полукеев және басқа да үздіктер бар.